USD
USD
USD

 Қарағанды облысында екі аяқты құлын туылды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі аяқты құлын туды. Кемтар төлдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

 Қарағанды облысында екі аяқты құлын туылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ветеринар мамандардың айтуынша бейнежазбадағы құлынның туылғанына 2-3 күн ғана болған. Алайда қожайыны төлді мал дәрігерін шақырып қаратпаған.

Дегенмен мұндай кемтар төлдің туылуына экологияның нашарлығы немесе айғырдың өз қанынан туған малға шабуы себеп болуы мүмкін дейді. Алайда ондай жағдай мыңда бір рет қана кездеседі деп отыр.

«Ауылдағы маман бұл құлынды көрмеген. Бұл полигонның зардабы ма, генетикалық зардап па белгісіз. Сондықтан не жағдай екенін нақты жауап айта алмаймын. Лабораторияның қорытындысы, ешқандай материал тапсырылған жоқ», – дейді Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ветеринарлық бекеттің басшысы Аян Міржақыпов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы