USD
USD
USD

Қарағанды облысында дала өртін сөндіруге көмектескен адам қайтыс болды

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шеккен. Денесін 90% күйік шалған ер адам ауруханада көз жұмды. 

Қарағанды облысында дала өртін сөндіруге көмектескен адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 және 18 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағында Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандары аумағында алты дала өрті сөндірілген. 

"Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінде болған табиғи өртті жою кезінде Егіндібұлақ ауылының 1989, 1979 және 1973 жылы дүние келген үш тұрғынының денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Олар 18, 28 және 90% термиялық күйік алған", - деді төтенше жағдайлар департаменті.

"Хабар24" арнасы мәлімдегендей, денесінің 90% күйіп қалған 48 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды. Тағы екі зардап шегуші ауруханада жатыр. Олардың жағдайы қалыпты, дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, өртті сөндіруге 300-ден астам адам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде дала өрттерін сөндіруге қатысу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салды.

"Өз күштеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді объективті түрде бағалаңыз. Өртке жақын және басқа да қауіпті аймақтарға жақындамаңыз", - деп ескертті құтқарушылар.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді