USD
USD
USD

Қарағанды облысында бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар қос күдікті қолға түсті

Қарағанды облысының полицейлері бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар қос күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар қос күдікті қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасына 48 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші азаматша кешкілік жұмыстан келгенде белгісіз біреу бірінші қабаттағы үйінің терезесінен кіріп, ноутбук пен қуаттау құрылғысын ұрлап кеткені туралы шағымданған. Оған келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрады.  Сондай-ақ полицияға 50 жастағы Абай қаласының тұрғыны арызданды.

Жәбірленуші арызында белгісіз біреу үйінен екі ноутбук, флэшкарта және ақша ұрлағаны туралы шағымданды. Оған келтірілген шығын көлемі 1,1 млн теңгені құрады. Бұл жолыда қаскөйлер пәтерге пластикалық терезені бұзып кіргені анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 бен 34 жас аралығындағы қос күдікті ұсталды. Олар ұрланған заттарды белгісіз бір азаматқа сатқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлерімен тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің Саран және Ақтас қалаларында жасалған екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Бірінші жағдайда күдіктілер жәбірленушіге 330 мың теңге шығын келтірсе, екінші жағдайда 77 мың теңге шығын келтірген. Күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Полиция департаменті пәтер ұрлықтарына жол бермеу, оның алдын алу мақсатында төменгі қабаттағы пәтер иелеріне терезеге темір тор көздер орнатуға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе