USD
USD
USD

Қарағанды облысында белгісіз аурудан ірі қара мал қырылып жатыр

Қарағанды облысында 100-ге жуық сиыр мен бұзау (ІҚМ) белгісіз аурудан қырылып қалды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Қарағанды облысында белгісіз аурудан ірі қара мал қырылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «3-10 маусым аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара мал (ІҚМ) арасында инфекциялық сипаттағы ауру белгілері байқалды. Барлығы 260 бас ауырып, 82 бас өлген (сиырлар – тоғыз бас, құнажындар – 11 бас және екі-үш айлық бұзаулар – 62 бас). Мәйіттер инсинератормен өртеу арқылы жойылды. Жою жұмыстары ауылдық округке тиесілі ескі мал қорымы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, аудандық ветеринариялық станция мамандарының қатысуымен жүргізілді», — деп хабарлады Қарағанды облысының ветеринария басқармасы.

Шенеуніктердің айтуынша, ветеринарлық мамандар жануарлардың иелерімен бірге ауру малға симптоматикалық ем жүргізуде .

«Ауылдық округ бойынша барлығы 2569 бас ІҚМ бар. Ақшоқы ауылдық округының кіреберісінде Комаров дезинфекциялық қондырғысы бар бекет орнатылған. Диагноз қою мақсатында сынамалар алынып, ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалына жеткізілді», — деп толықтырды облыстық ветеринариялық басқармада.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция