USD
USD
USD

Қарағанды облысында автокөлік аударылып, адам қаза болды

Қарағанды облысында қайғылы жол апаты болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында автокөлік аударылып, адам қаза болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.17 қыркүйек күні Қарағанды облысы Шет ауданында Ақой – Бұрма тас жолында 36 жастағы Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай, аударылып кеткен. Кейін автокөлік жанған. Жол көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі және 39 жастағы жолаушысы, Қарағанды облыстық Полиция департаменті Округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Данияр Тұрбаев оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Данияр Тұрбаев әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы лауазымында 2015 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарған. 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмәмдаған. Төрт баласы бар.

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан