USD
USD
USD

Қарағанды облысында араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысында таза қанды араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Полиция.

Қарағанды облысында араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. 

Келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңге болды. 

– Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. ҚР ҚК 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап, облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев