USD
USD
USD

Қарағанды облысында абай атындағы мектептер альянсының құрылтайы өтті

Мақсат Абай Құнанбайұлының ілімін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау болды, деп хабарлайды «Хабар24».

Қарағанды облысында абай атындағы мектептер альянсының құрылтайы өтті
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. Құрылтайға облыстағы Абай атындағы 8 мектептің өкілдері, белгілі абайтанушы ғалымдар қатысты. Халықтың бір туар перзентінің еңбегін өскелең ұрпаққа жеткізу жолында құрылған ұйым белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Кезекті рет өткізілген жиында Абай ілімін оқушылардың жас ерекшелігіне сай кезең-кезеңмен оқыту мәселесі талқыланды. Аталған бастаманы белгілі ғалымдар да қолдап отыр.

Жабал Шойынбет, "Хакім Абай" қоғамдық қорының президенті:

- Абайдың қара сөзінің мән-мағынасын түсіндіре бастау керек. Оқушылар мен ЖОО студенттеріне мағынасы терең болсада, соның дәмін алдырып, бастамасы, мына жердегі мұғалімдерде мен байқап отырмын сондай талпыныс бар.

Гүлназ Жаркеева, облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері:

- Басты мақсаты Абайдың шығармаларын кеңінен насихаттау, Толық адам ілімін насихаттай отырып педагогтер мен оқушылардың кәсіби құзіреттілігін, оқушылардың ұлтжанды тұлға ретінде қалыптасуы мақсатында осындай пікір алаңдарын ұйымдастырамыз.
 

Қазір оқып жатыр

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov