USD
USD
USD

Қарағанды облысында бөрінің 9 метрлік мүсіні орнатылды

Қарағанды облысы Ұлытау ауданында тоғыз метрлік қасқыр мүсіні орнатылды.

Қарағанды облысында бөрінің 9 метрлік мүсіні орнатылды
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. Мүсіннің суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде тарап үлгерді. Ұлытау ауданының әкімдігі өкілдері оның аудан орталығынан 30 шақырым жерде орнатылғанын және демеушілер қаражаты есебінен жасалғанын айтты.

"Қасқыр түркі мифологиясында қасиетті мәнге ие. Ол туралы үйсіндердің аңыздарында, түркі және моңғол аңыздарында айтылады. Сондықтан "Күмісбұлақ" бұлағының маңында "Көк Бөрі" мүсінін орнатуды ұйғардық. Оны мүсінші Амантай Меңдіғалиев жасады. Мүсіннің көлемі 9 метрге жетеді", - деді аудан әкімдігіндегілер.

Мүсін металлдан жасалған, ал сырты пластикпен қапталған. Ол минус 60-тан плюс 60 градусқа дейінгі ауа температурасына төтеп бере алады.

"ТМД кеңістігінде мұндай мүсін жоқ. Сондықтан ол біздің аудан үшін ерекше әшекей болады", - деп толықтырды Ұлытау ауданы әкімдігінің өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт