USD
USD
USD

Қарағанды облысында 30-ға жуық адам эвакуацияланды

25 наурызға қараған түні Қарағанды ​​облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар «Приишимское ауылы - Шоқай кенті» тас жолдың бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған. Астана-Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған.

Қарағанды облысында 30-ға жуық адам эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды, оның ішінде бір баланы Осакаровка ауылына эвакуациялады. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Қалғандары медициналық көмекті қажет етпеді.

Қарағанды облысы ТЖД ауа райы қолайсыз болған кезде түнгі уақытта алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе