USD
USD
USD

Қарағанды облысында 150 гектар жерді қызыл жалын шарпыды

Қарағанды облысының Қарқаралы, Бұқар жырау, Осакаров аудандарында дала өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды облысында 150 гектар жерді қызыл жалын шарпыды
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE.  Қазір өрт сөндірушілердің бар күші сонда жұмылдырылды. Бұқар жырау ауданында бірден екі жерден өрт тұтанып, 150 гектар жерді қызыл жалын шарпыды. Оны сөндіруге 145 адам тартылды.

Осакаров ауданында тұтанған тілсіз жау мың гектардан астап жерге жайылды. Ал Қарқаралы ауданында өрт 250 гектар жерге тараған. Қазір жерді жыртып, өрттің таралуын болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алапат өртті сөндіруге облыстан МИ-8 көпфункционалды тікұшағы тартылған.

Ерлан Құсайын, Қарқаралы ауданының әкімі:

250 га жер өртеніп кетті. Кешеден бері жергілікті азаматтардың және облыстық ТЖД мамандарының арнайы қызметкерлері көмегімен жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 212 адам жұмысқа тартылды, 59 техника жұмылдырылды. Дәл қазір негізгі өрт сөндірілді деуге болады, бірақ әлі де қоздапр жатқан бір екі ошақ бар. Соларды сөндіру жұммыстарынмен айналысып жатырмыз.
 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси