USD
USD
USD

Қарағанды мектебінде ер адам мұғалімді ұрған

Белгісіз ер адам Қарағандыдағы мектеп-интернатқа кіріп, сабақ үстінде балалардың көзінше мұғалімді ұрып-соққан.

Қарағанды мектебінде ер адам мұғалімді ұрған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде анонимді хабарлама жарияланды. Жазбада құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта оқитын бір оқушының ата-анасы оқу ордасына белгісіз бір ер адам кіріп, балалардың көзінше мұғалімді ұрып-соқғаны туралы жазылған.

Бұл жайтқа полиция түсінік берді «Полиция 14 қазанда №3 мектеп-интернатта осыған ұқсас оқиға болғанын анықтады. 25 жастағы ер адам осы оқу орнында мұғалім болып жұмыс істейтін әйелімен жанжалдасқаны белгілі болды. Ерлі-зайыптылар арасындағы әңгіме балалар болмаған кезде болды. Сондай-ақ, жанжал шығарған ер адамның радикалды діни ұйымға қатысы жоқ екені анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөлімінде тіркелген. Сондай-ақ аталмыш жайтты Қарағанды облысының білім басқармасы да тексеріп жатыр. Мән-жайды анықтаған соң, шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов