USD
USD
USD

Қарағанды маңындағы ауылда жылқылардан «африкалық маңқа» вирусы анықталды

Қарағанды облысы Үміткер ауылында жылқылар арасындағы індетке байланысты карантин жарияланды. Арнайы лабораторияда малдарға эпизоотикалық лимфатангит жұққаны белгілі болды деп хабарлайды КТК.

Қарағанды маңындағы ауылда жылқылардан «африкалық маңқа» вирусы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Африкалық маңқа" деп те аталатын бұл вирус тақ тұяқты жануарларға жұғады. Алғашқы белгілері ақпанда байқалған. Салдарынан 9 жылқы өліп, 15 жылқы оқшауланды. Қазір қора-қопсыларда дезинфекция жұмысы жүріп жатыр. Ауру жұқтырған жануарларды өртеу арқылы жоймақшы. Ал өтемақыны нарықтағы бағамен төлейді. 

Сонымен қатар Үміткер ауылындағы мыңнан аса жануарға сараптама жүргізіледі. Карантин кещінде ет пен сүт өнімдерін әкелуге және алып кетуге қатаң тыйым салынған. Шектеу тек 3 айдан кейін, ауру жұқтырған малдар жойылған соң алынады. 

"Бұл өзі созылмалы ауру, әрі қарай да анықтала беруі мүмкін. Ауру жануарлармен жанасқан малдар сыртқа жайылымға жіберілмейді. Олар белгілі бір аумақта жеке ұсталынады. Басқа малдарға қосылмауы керек. Карантин қойылғаннан кейін бұл қатаң бақылауда болады, жергілікті ветинспекторлар тарапынан, сосын мал иелеріне малды оқшаулап ұстау жөнінде нұсқау беріледі", – деді Ауыл шаруашылық министрлігі ветеринария бақылау комитетінің Қарағанды облысы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасар Данияр Мерғазин.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе