USD
USD
USD

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков 2 айға қамауға алынды. Лауазымды тұлға мемлекетке 107 млн теңге көлемінде шығын келтірген деп айыпталып отыр.

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының тәртібінде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары – Жақсылық Шалабековті ұстады.

«Аталған тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасауда, атап айтқанда 2018 жылы Қарағанды қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша ірі панельді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу жолымен топ адаммен бірлесіп ұрлауда және талан-таражға салуда күдікті болып табылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қылмыстық әрекеттермен Жақсылық Шалабеков мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген. Қазіргі уақытта ол соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде және оның барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC