USD
USD
USD

Қарағанды қалалық мәслихатына алты партияның өкілдері өтті

Қарағанды облысында қалалар мен аудандардың мәслихаттары депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қалалық мәслихатына алты партияның өкілдері өтті
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. Қарағанды қалалық мәслихатына 30 депутат сайланды. «Amanat» партиясының кандидаттары 17 орынға ие болды. Сонымен қатар, «Ақ жол», «Байтақ», «Respublica», «ҚХП» және «Ауыл» партияларының өкілдері өтті. Сайланғандар арасында алты өзін-өзі ұсынған кандидат бар.

Қарағанды қаласы мәслихатының жаңа құрамындағы депутаттардың орташа жасы – 44. Ең кішісі – 27, ең үлкені – 64 жаста. Төртеуі – әйел адам.

Жалпы, сайлау нәтижелерімен әкімдіктердің ресми сайттарында орналастырылған аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан танысуға болады. Сілтемелер толығымен мына жерде берілген.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе