USD
USD
USD

Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Күдікті ұсталды

Қарағандыда қонақүйдің шатырына орнатылған аттракционда әйелдің қаза болу ісіне байланысты күдікті ұсталды.

Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  10 қазан күні «Созвездие» қонақүйінің аумағында қайғылы оқиға орын алған болатын. Тоғыз қабатты мейманхананың шатырына орнатылған аттракционда 25 метр биіктіктен секірген әйел көз жұмды. Ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Медициналық көмекке қарамастан, қаза болды. Полиция бұл іс бойынша тергеуді алдымен ҚР ҚК-нің 306-бабы 1-бөлігі («қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету») бойынша қозғаған болатын. Алайда, кейін қылмыстық істі ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне («абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған әрекеттер») ауыстырды. Айыпталушы 4-8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін полиция қызметкерлері аттракционның нұсқаушысын қамауға алды.

«Тергеу барысында қауіпсіздік техникасын өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы анықталды. Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», - деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы