USD
USD
USD

Қарағанды әкімі «Күнгей» ықшамауданындағы мектептің құрылысы уақытында бітетінін айтты

Қарағанды қаласындағы «Күнгей» ықшамауданында құны 3,23 млрд теңге болатын 600 орындық мектептің құрылысы басталғанын биыл наурызда хабарладыңыз. Құрылыс 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін бітуі керек. Алайда жергілікті халық бұған күмәнданып отыр. Өйткені «конкурс әділ өткен жоқ» дейді.

Қарағанды әкімі «Күнгей» ықшамауданындағы мектептің құрылысы уақытында бітетінін айтты
Фото: NEGE.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осы мәселеге қатысты NEGE тілшісінің сұрақтарына жауап берді

«Конкурстың әділ өткеніне және 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мектеп құрылысы аяқталатынына облыс әкімі ретінде кепілдік бересіз бе?»  – деп сұрады тілші. 

«Бұл жерде конкурс баяғыда өткен. Қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Негізі құйылып бітіп, іргесін қалау жұмыстары жүріп жатыр. Ол жер менің тікелей бақылауымда, барлығын жақсы білемін. Сондықтан жоспар бойынша келер жылы мектепті ашамыз. Құрылысты нақты белгіленген уақытта бітіреміз», – деп уәде етті Бөлекпаев. 

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

Алмасбек, Сауран

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Әсет Матаев

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Кенжеғұл Сейтжан

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды

жауапкершілік