USD
USD
USD

Қарағанды жолдарында блок-бекеттер қойылды

 Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды, деп хабарлайды polisia.kz

блок-бекет
Фото: polisia.kz

 Алматы, NEGE. Polisia.kz мәліметінше, мал ұрлығының алдын алу және оған тосқауыл қою мақсатында Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды. Тәртіп сақшылары аталған бекеттерде мал және ет өнімдерін тасымалдаушыларды тоқтатып, құжаттарының белгіленген талаптарға сай болуын тексереді.

Жыл басынан бастап облыс аумағында 25 мал ұрлығы тіркеліп, оның 18-і ашылды. Мәселен, өткен аптада Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аудан тұрғынының құны 1 миллион тұратын Голштейн асыл тұқымды ірі қарасын ұрлаған күдіктілерді ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүріп жатыр, – делінген ақпаратта.

Сақшылардың айтуынша, аталған блок-бекеттер ерекше үкімге дейін жұмыс атқарады. Мал ұрлығының басым бөлігі еркін жайылымнан болса, кейбір жағдайда мал иесі төрт түлігінің қай уақытта жоғалғанын білмейтін кездер болады. Полицейлерге жайылымнан мал жоғалу бойынша 17 арыз түсіп, жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында 106 мал, яғни 56 жылқы, 12 ірі қара мал, 38 ұсақ мал табылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат