USD
USD
USD

Қарағанды тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 3 жылға сотталды

Қарағанды тұрғыны синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 2024 жылдың сәуір айында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сақтады деген күдікпен Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Жеке басын тінту барысында ұсталғаннан “Альфа-PvP” синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді. Ол есірткіні интернет-дүкендер арқылы жеке тұтыну үшін сатып алып отырғандығын айтты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ағымдағы жылдың 11 маусымында Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен қаскүнемге 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес