USD
USD
USD

Қарағанды облысының аудандарында қайтарылған активтердің қаражатына 51 медициналық нысан салынып жатыр

Елімізде Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда. Қайтарылатын қаражат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

Үкімет үйі
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Үкімет Қарағанды облысында 51 медициналық мекеменің құрылысы жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынуда. Оларды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Шет, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра және Осакаров аудандарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар, сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынады. Оларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Медициналық қызметке қолжетімділік, алдын алу жұмыстары, ерте диагностика, сондай-ақ төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсетіледі.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 480 нысанның құрылысы аяқталды.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар Арнаулы мемлекеттік қордан да қаржы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет