USD
USD
USD

Қарағанды облысында жолаушыларды заңсыз тасымалдауға тосқауыл қойылды

Қарағанды облысында полицейлер заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қарағанды облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алу мақсатында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолында Toyota Estima көлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде жүргізушінің жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, қалааралық бағытта жолаушылар тасымалдап жүргені анықталды. Ұқсас дерек Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында тіркелді. Полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісін ұстады.

Сонымен қатар облыс жолдарының бірінде Mercedes Sprinter көлігінің жүргізушісі отырғыш орындарын ұйықтайтын орындарға қайта жабдықтағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Көліктер айып тұрағына қойылды.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам