USD
USD
USD

Қарағанды облысында жоғалып кеткен ер адам табылды

Қарағанды облысының Нұра ауданында жоғалып кеткен ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлады Tengrinews.

Полиция
Фото: ТЖМ

 

Алматы, NEGE. Құтқарушылар Нұра ауданында сағат 09.46-да қыстауынан адасып кеткен ер адамды тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады.

"17 ақпанда (туыстарының айтуынша) жоғалған ер адам қыстауда болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті. 18 ақпанда сағат 07.30-да ТРЕКОЛ көлігіндегі жедел-іздестіру тобы Нұра ауданы Сарыөзен кентіндегі қыстаққа аттанды. Қарда жүретін көлігінің жанармайы таусылғаннан кейін адасқан азамат сол жерге жеткен", -делінген хабарламада.

Ер адам 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп шығып, адасып қалған. Ол бес күннен кейін үйіне оралды.

Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру жұмыстарына МИ-8 "Қазавиапас" тікұшағын пайдаланды.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу