USD
USD
USD

Қарағанды облысында жеңіл көлік теміржолға шығып кетіп, пойызбен соқтығысты

Қыркүйектің 17-сіне қараған түні сағат 00:54-те Ақәдір – Қарағанды учаскесінде (Жарық – Дария аралығы) жолаушылар пойызы теміржолға шығып кеткен Mazda жеңіл автокөлігімен соқтығысты.

Сәби пойызда
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Пойыздың жылдамдығы 92 км/сағ болған. Машинист тежегішті шұғыл қолданғанымен, соқтығысудың алдын ала алмады. Нәтижесінде көлік жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтады және барлық жол қозғалысына қатысушыларды теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тәуекел деңгейі арта түсетін түнгі уақытта ерекше мұқият болу қажет», – делінге ҚТЖ хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы