USD
USD
USD

Қарағанды облысында жасөспірімдер жалғызбасты зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, соққыға жыққан (видео)

Теміртауда кәмелетке толмаған жасөспірімдер 67 жастағы ер адамның үйіне баса-көктеп кіріп, оны аяусыз ұрып, оқиғаны видеоға түсіріп алған. 

Теміртау
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Қарияның үйіне өздерін электрик ретінде таныстырып кірген. 67 жастағы зейнеткерді соққыға жығып, түрлі боқауыз сөздер айтып жәбір көрсеткен. Бұл әрекеттерін жасөспірімдер видеоға түсіріп, өзге достарына жіберген. Кейіннен ол видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Облыстық полиция департаменті кінәлілердің анықталғандығын айтты. Барлығы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ал бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар оқушылар профилактикалық есепке алынды.

Оқиғадан кейін жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Қазірде тергеу жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors