USD
USD
USD

Қарағанды облысында үш ауылды су басты

Қарағанды облысының аумағындағы жағдай қиын болып тұр. Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

су басты
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. 30 наурызда облыс аумағында Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды. Тұрғын үйлерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр. Шет ауданындағы үш елді мекенді су басқан. Су басқан үйлерден алдын ала 292 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 114 бала құтқарылды.

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіледі. Ешкім назардан тыс қалмайды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында мәлім етті.

Сондай-ақ, облыс аумағында шығарылымы 900 текше метрге дейін Самарқанд, Интумак су қоймаларынан су ағызылуда.

Шерубай-Нұра өзенінде су деңгейінің болжамды көтерілуіне байланысты алдын ала 67 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 32 бала бар. Олар Ақсу-Аюлы ауылындағы туыстарына орналастырылған. 15 үй су басу қаупі бар аймақта қалып отыр. 9 үй су астында қалды. Елді мекен тарапынан Шерубай-Нұра өзенінің арнасында ұзындығы 600 метр уақытша бөгет салу және қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ТЖД базасында департаменттердің, басқармалардың және әкімдіктердің қызметкерлерінен құралған су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет