USD
USD
USD

Қарағанды облысында тұрғындарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратурамен және ҰҚК-мен бірлесіп, Балқаш қаласында арнайы жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Нәтижесінде қала тұрғындарын қорқыту арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Жедел іс-шара барысында полиция бөліміне 13 адам жеткізілді, олардың сегізі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында күдіктілердің тұрғындардан 800 мыңнан 8 миллион теңгеге дейін ақша бопсалағаны, сондай-ақ жәбірленушілердің атынан заңсыз түрде несие рәсімдегені анықталды. Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 23 тінту жүргізіп, 26 ұялы телефон, жеті пышақ, бес автокөлік, екі миллион теңгеден астам қаражат, есірткіге ұқсас зат салынған төрт пакет және қылмыстық әрекеттерге қатысты басқа да айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors