USD
USD
USD

Қарағанды ​​облысында пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Қарағанды ​​облысында пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тонау, Ұрлық, ұры
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тонау қылмысын жасады деген күдікпен 18 және 20 жастағы екі адамды ұстады.

Олар түнде жеке үйге кіріп, телефонның керек-жарақтарын ұрлап кеткен. 40 жастағы жәбірленуші шығын сомасын 32 мың теңгеге бағалаған. Күдіктілер кінәларын мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталғандардың осыған ұқсас тағы төрт қылмысқа қатысы барын анықтады.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 500 мың теңге. Сонымен қатар ұсталғандардың бірінің үйінен 1 келі марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Барлық анықталған эпизод бір қылмыстық іске біріктірілді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматы тауларында ақырған аю даусынан қорыққан туристер құтқарушыларды шақырды

Аю

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті