Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қарағанды облысында мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары сотталды

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М. Ақбиев, Б. Мұқашев, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет субъектілері А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко сотталды.

Сот үкімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Лауазымды тұлғалар кедендік бақылау кезінде кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ақбиев пен Мұқашевке тиісінше 21,7 млн теңге және 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Осы үкіммен пара берушілер А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі айыппұлдарға сотталды.

Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады. Сот актісі заңды күшіне енді.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

үгіт-насихат

Павлодар облысында алғаш боп дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Сайлау туралы заң

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын