USD
USD
USD

Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

мал ұрлығы
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Өткен жылдың соңында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция басқармасына екі ауыл тұрғыны жүгініп, сарайларынан 12 қой мен жылқы ұрланғандығын айтқан. Мал иелерінің әрқайсысына 600 мың теңге шығын келтірілген.

Жедел әзірлеменің нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан топтың ізіне түсті. 19 бен 21 жас аралығындағы алты жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған. Ұрланған түліктің етін сатып, түскен ақшаны өзара бөліскен. Күдіктілердің үйінен тәртіп сақшылары мал терісі мен бір тірі қойды тәркіледі.

Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта топ мүшелерінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті