USD
USD
USD

Қарағанды облысында көлігімен суға батып кеткен балықшының денесі табылды

Қарағанды облысында көлігімен бірге суға батып кеткен балықшының денесі бір айдан кейін табылды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

балық
Фото: видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Мәйіт судың ағысымен оқиға орнынан 20 шақырым қашықтыққа кетіп қалған.Оқиға 3 ақпан күні болған. Молодежный кентінен он шықырым жердегі Сәтбаев атындағы каналда балықшылар мінген көлік мұз опырылып суға батқан. Екі жолаушы шығып үлгергенімен, жүргізуші көлікпен бірге батып кеткен. Кейін шығарылған көліктің ішінде 39 жастағы балықшы болмай шықты. Іздеу жұмыстарына қатты жел, боран және күннің суығы кедергі келтірді. Соның салдарынан сүңгуірлер су астында ұзақ жүре алмай, бірнеше күннен соң іздеу тоқтатылған.

Арада бір ай уақыт өткенде марқұмның денесі батқан жерінен 20 шақырым қашықтықта табылды. Оны балықшылар байқап, құтқару қызметін шақырған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж