USD
USD
USD

Қарағанды облысында электр станциясына 8 млн теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысындағы «Топар басты тарату электр станциясы» ЖШС-ға жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде экологиялық талаптарды бұзғаны үшін кәсіпорынға 8 021 492 теңге айыппұл салынды.

экологиялық бұзушылық
Фото: instagram.com/department.ecology.krg

Астана, NEGE. Экология департаменті келтірген дерек бойынша, ағынды сулардағы мұнай өнімдерінің мөлшері белгіленген нормативтен 3 еседен артық жоғары болып, яғни 0,169 мг/дм³ құрады. Ал норматив бойынша 0,054 мг/дм³ болуы қажет.

Сондай-ақ экологтар кәсіпорында қалдықтарды жинақтау және сақтау талаптары сақталмағанын анықтады. 

«Пайдаланылған майларға арналған герметикалық емес ыдыстардың қолданылуы, май төгінділері, әртүрлі қалдықтарды бірге жинақтау және арнайы белгіленбеген орындарда сақтау фактілері анықталды», – делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова