USD
USD
USD

Қарағанды облысында екі жастағы бала пойыздың астына түсіп кетті

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

ҚТЖ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға «Қарағанды — Ақадыр» теміржол учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығындағы болған.

Зардап шеккен бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

«Бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды», — деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі де оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«2025 жылғы 1 маусым күні сағат 11:47–де «Қарағанды — Ақадыр» учаскесінің «Қарағанөзек — Қарабас» аралығында екі жасар баланың теміржол жолына шығып кетуіне байланысты жүк пойызының машинисі шұғыл тежегіш қолданды. Зардап шеккен баланы ата-анасы Қарағанды қалалық балалар ауруханасына жеткізді», — делінген хабарламада.

Оқиғадан кейін ақпарат «Қарағанды-Сортировочная» стансасындағы желілік полиция бөлімшесіне берілді.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев