USD
USD
USD

Қарағанды облысында екі қабатты үйде газ жарылып, адамдар үйінді астында қалды

Ботақара кентінде екі қабатты үйде газ баллоны жарылды.

Газ баллоны жарылды
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үйінді астында қалғандар бар.

30 қаңтар түнгі 00.07 шамасында Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті Әуезов көшесіндегі қосқабатты 12 пәтерлі үйде жарылыс болғаны хабарланған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов алдын ала болжам бойынша тұрмыстық газ баллоны жарылған дейді.

Кейіннен екінші қабат жартылай опырылған.

Өрт шықпаған.

«Опырылған аумақ анықталып жатыр. Біздің болжам бойынша, үйінді астында адамдар бар. Жергілікті жерде штаб ұйымдастырылған. Оқиға орнында 45 адам және 13 техника жұмыс істеп жатыр», — дейді Мұрат Қатпанов.

Қазіргі уақытта үйінді астынан 6 адам шығарылып, Ботақара кентінің орталық ауруханасына жеткізілді.

Басқа адамдарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай