USD
USD
USD

Қарағанды облысында екі баланың мәйіті табылды

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында екі баланың мәйіті табылды. 

Балалар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға кеше, 4 сәуірде болған. 2 және 4 жастағы балалардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталды. 

«4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, анасы балаларын тұншықтырып өлтірген. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны беймәлім.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж