USD
USD
USD

Қарағанды облысында браконьерлерден 120 келіден асатын бұғы еті табылды

Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы екі ірі браконьерлік деректі әшкереледі. Нәтижесінде Теміртау және Астана қалаларының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьер
Фото: Браконьер

Алматы, NEGE. Алғашқы оқиға Осакаров ауданында табиғатты қорғау полициясы мен жергілікті аңшылық қоғамы қызметкерлерімен бірлескен рейд кезінде болды. Тексеру барысында Теміртау қаласының екі тұрғыны басқарған көліктерден жалпы салмағы 120 келіден асатын бұғы еті табылды.

Күдіктілердің ешқандай рұқсат құжаты болмаған. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің қарулары тәркіленді.

Екінші дерек Нұра ауданында тіркелді. "Охотзоопром" инспекторымен бірлескен рейд кезінде Астана қаласының үш тұрғыны мінген көліктен төрт киіктің бөлшектелген еті анықталды. Олардан да тиісті құжаттар табылмады. Тінту барысында тіркелген мылтық пен пышақтар алынған.

Аталған деректер бойынша заңсыз аңшылыққа және сирек жануарларға қатысты заңсыз әрекеттерге байланысты қылмыстық істер қозғалды.

Сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң