USD
USD
USD

Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды

Оқиға 9 қазан күні түнгі сағат 02:40 шамасында Теміртау – Астана автожолының 50-шақырымында Алғабас ауылының маңында болған.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияның жылжымалы тобы күдік тудырған Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатпақ болған кезде, жүргізуші мен жолаушы полицейлердің талабына бағынбай, жол жиегіне бұрылып қашпақ болған. Алайда тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында көлік тоқтатылып, екі ер адам ұсталды.

Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан жабайы аңның еті, екі аңшы мылтығы, 15 оқ-дәрі, қолдан жасалған пышақ және қуатты жарық шам табылды. Ұсталғандардың ешқайсысында аң аулауға рұқсат беретін құжаттар болмаған.

Белгілі болғандай, күдіктілер – Саран қаласының 41 жастағы екі тұрғыны. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар Нұра аудандық сотының қаулысымен ер адамдар полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды.

Қазір оқып жатыр

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу