USD
USD
USD

Қарағанды облысында әкесі 15 жастағы өгей қызын күштеп күйеуге берді деп айыпталды

Қарағанды облысында өгей әкесі 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күштеп күйеуге бергені туралы ақпарат пайда болды. 

Қылмыс
Фото: freepik.com

Алматы, NEGE. "Немолчи" қорының дерегіне сәйкес, оқиға Қарағанды облысының Абай ауылында болған. Өгей әкесі қызын күштеп күйеуге берген соң, 38 жастағы досы оны бес күн бойы зорлаған.

Қордан көмек сұрап, қыздың ағасы жүгінген. Ол жасөспірім бес күн бойы жалғасқан зорлық-зомбылықтан кейін туған әкесіне қашып келгенін айтты. Арыз жазылған, бірақ қордың мәліметінше, полиция оны бірден қабылдамаған және уақыт созып жүріп алған.

Қарағанды облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оқиғаға қатысты барлық адамдар анықталып, жауап алынғанын нақтылады.

“Барлық күдіктілер анықталып, олардан жауап алынды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек