60 жастағы ер адам балалар порнографиясын түсіру үшін жасөспірім қыздардың аналарына сыйақы ұсынған

ІІМ наурыз айында кезекті кең ауқымды «STOP-трафик» операциясын жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Іс-шараның үш күнінде полицейлер адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен, притондар ұстаумен және жеңгетайлықпен байланысты 40 қылмысты анықтды. Сонымен қатар түрлі зауыттардың, базарлардың және құрылыс нысандарының аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Мысалы, Жамбыл облысында зауыттардың бірінің аумағында көші-қон заңнамасын бұза отырып (еңбек шарттары, визалар (С-3 нысаны) және Қазақстанға келгені туралы хабарламалар болмаған), еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдік азаматтар анықталып, полицияға жеткізілді. Осыған ұқсас дерек Солтүстік Қазақстан облысында анықталды, онда құрылыс объектілердің бірінің аумағында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік азамат еңбек еткен. Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) және ӘҚБтК-нің 492-бабы 4-бөлігі бойынша (ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру) әкімшілік хаттамалар түзіліп, сотқа жолданды.
Шымкент қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен төрт адамнан тұратын топ ұсталды. Олар ұзақ уақыт бойы 18 бен 23 жас аралығындағы қала тұрғындарын жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер жәбірленушілерді интимдік фотосуреттермен бопсалап отырған. Көрсетілген фактілер бойынша ҚК-нің 308-бабы 2-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға тарту) және ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігіне (Жеңгетайлық) сәйкес екі қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ Алматы қаласында полиция қызметкерлерімен «боди-массаж» салондарын ұйымдастырған жеті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жеңгетайлық фактілері бойынша жүргізілуде.
Түркістан облысында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Қызылорда облысының 2007 ж.т. және 2006 ж.т. екі тұрғыны ұсталды. Олар Telegram әлеуметтік желісінің жабық топтарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен порнографиялық бейнежазбаларды сатумен айналысқан. Бұл факт ҚК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркелген (кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдардың немесе заттарды дайындау және айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту). Ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен өткен жылдың желтоқсан айында облыстың екі тұрғынын шаруа қожалықтарында пайдалану үшін сатқан Аягөз қаласының тұрғыны анықталды. Осы факт бойынша ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігімен (адам саудасы) сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық істер қозғалды.
Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен 60 жастағы ер адам ұсталды. Ол ақшалай сыйақы үшін жас қыздардың аналарымен оларға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерді одан әрі жасау және балалар порнографиясын жазу мақсатында келісімдер жасаған. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және ҚК-нің 135-бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сондай-ақ қазіргі уақытта өңірлерде адам саудасы мәселесі туралы тақырыптық материалдарды орналастыру және тарату бойынша ақпараттық жұмыс жалғасуда. Мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау үшін ІІМ Бас прокуратурамен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, адам саудасының алдын алу және ауылдық жерлерде еңбекке пайдалану құрбандарын анықтау үшін мобильді топтар құрылған.