USD
USD
USD

Қарағанды облысында 42,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салынады

Үкімет Қарағанды фармацевтикалық кешенін салу және жаңғырту жобасы бойынша келісімді мақұлдады.

Фармацевтикалық зауыт
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды. Жоба аясында дәрілік заттардың 74 түрін өндіру жоспарланып отыр. Оның ішінде, онкологиялық, аутоиммунды және орфандық ауруларды емдеуге арналған инновациялық дәрілік препараттар бар. 

«Зауыт әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мен емдеуге қажетті иммунобиологиялық және басқа да жоғары технологиялық препараттарды өндірумен қатар, әлемдік стандарттар бойынша белсенді фармацевтикалық ингредиенттердің, биологиялық және биотехнологиялық өнімдерді синтездеуді жолға қояды», – делінген хабарламада.

Жоба Қарағандыда 70-ке жуық жаңа жұмыс орнын ашуға және заманауи фармацевтикалық өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, Қазақстанның фармацевтика саласы тұрақты дамып келеді. Өткен жылы фармацевтика өндірісінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артып, 191,1 млрд теңгеге жетсе, инвестиция көлемі де артып, бір жыл ішінде 91,3 млн доллардан 142,8 млн долларға дейін өскен. 2025 жылғы желтоқсан айынан бастап жалпы сомасы 360 млрд теңгеге жасалған жеті инвестициялық келісім аясында  474-ке жуық дәрілік заттар өндіріліп, 1 170-тен астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.