USD
USD
USD

Қарағанды ферроқорытпа зауытында сегіз адам түрлі жарақат алды

Қарағанды ферроқорытпа зауытында апат болды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Зауыт
Фото: kazchrome.com

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 20 шілдесінде таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай орын алды, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

№ 1 пештен кенеттен жалын шығып, нәтижесінде кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық қызметкерлер ауруханада, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.

Компания зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста.

«2024 жылғы 20 шілдеде профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға өндірісте алған күйік жарақаттарымен 8 адам жеткізілді. Алты зардап шегуші жансақтау және қарқынды терапия бөліміне, екеуі комбустиология бөліміне жатқызылды. Бес зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, екеуінің жағдайы тұрақты, бір пациенттің жағдайы орташа деп бағаланды. Зардап шеккендер бейінді мамандардың бақылауында. Қосымша тексерулер жүргізілді. Пациенттердің барлығы қажетті емді толық көлемде алып жатыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар