USD
USD
USD

Қарағанда облысында бұрынғы ауыл әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау ауылының экс-әкімі қамауға алынды. Оған 23 жастағы бойжеткенді зорлады деген айып тағылып отыр. 

Қыз зорлау
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бұл туралы қыздың ата-анасы полицияға шағым түсірген. Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады.

Олардың айтуынша, әкім қызға 2024 жылдың қаңтар айында тиіскен. Ал биыл 3 мамырда ұрып-соққан. Қыз қазір Қарағандыда ауруханада жатыр.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соттың санкциясы бойынша оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қадағалау органы сот алқасына жеке апелляциялық өтінішхат жолдады. Өтініш қанағаттандырылып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков