USD
USD
USD

Karachaganak Support Service компаниясының негізін қалаушы 2,2 млн доллар жымқырғаны үшін сотталды

Орал қалалық сотында Karachaganak Support Service компаниясынан 2,2 млн доллар жымқыру ісі бойынша үкім шықты. 

Сот балғасы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Облыстық сот дерегінше, М. есімді сотталушы Ақсай қаласында «Karachaganak Support Service» ЖШС-н тіркеп, оның жалғыз құрылтайшысы әрі басшысы болған. Кейін ол жарғылық капиталдағы үлестерді қызметкерлер арасында қайта бөлгенімен, серіктестіктің қызметін бизнес-менеджер лауазымында бақылауды жалғастырған.

Компанияның негізін қалаушы АҚШ-та жүріп, «ТеңізШевройлмен» келісімшартты ұзарту үшін жабдық сатып алу қажет деген желеумен жаңа директорды алдап, оны ақша аударуға көндірген.

Ол Қазақстанның валюталық бақылау талаптарын айналып өту үшін мәмілелерді пайызсыз қарыз түрінде рәсімдеген. Нәтижесінде Karachaganak Support Service шоттарынан өзінің бақылауындағы америкалық KSS Charlotte LLC компаниясының шотына бірнеше траншпен жалпы сомасы 2,2 млн доллар немесе 948 млн теңге аударылған.

Сот оны аса ірі мөлшердегі алаяқтықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді. Сонымен қатар ол үш жыл мерзімге коммерциялық кәсіпорындарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды және қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленді.

Бұған қоса, сотталған адамнан Karachaganak Support Service пайдасына 2,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде мүліктік зиян және мемлекеттік баж өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент