USD
USD
USD

Қара теңіз жағалауында ресейлік кеме суға батты

Түркияның Қара теңіз жағалауында ресейлік құрғақ жүк таситын ARVİN кемесі суға батып кетті. Бұл жайында бүгін Түркияның Бартын өлкесінің губернаторы Синан Гюнер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қара теңіз жағалауында ресейлік кеме суға батты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресей туы тігілген құрғақ жүк таситын кеме Бартын батыс-қара теңіз өлкесінің Инкуму ауданы жағалауында суға батқан. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында кеме командасының үш мүшесі құтқарылды. Құтқару операциясы 3 шлюпкада болған экипаждың шамамен 15 мүшесін аман алып қалу үшін жүргізіліп жатыр. Апат болған аумаққа жағалау күзеті мен Түркия Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою басқармасының катерлері жіберілді. Ауа райының қолайсыздығы іздеу-құтқару операциясына қиындық тудыруда.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия