USD
USD
USD

Қара комедия жанрында түсірілген фильм ел назарында

Жылдың басы киногерлер үшін табысты болды. Еліміздің барлық кинотеатрында бірнеше отандық фильм көрерменге жол тартты.

Қара комедия жанрында түсірілген фильм ел назарында
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда Нұрлан Қоянбаевтың бастамасымен түсірілген туынды көш бастап тұр. Танымал продюсердің жетістігі жұғысты болсын деген режиссерлер көрермен көңілінен шығу үшін еңбек етуде. Олардың қатарында Ернар Нұрғалиевте бар. Жуырда кәсіби режиссер «Жаным, ты не поверишь»  фильмінің тұсауын кесті.

Қара комедия жанрындағы туынды достық пен махаббат, қастандық, өмір мен өлім жайлы. Экшн, драма, комедиядан құрылған фильм сюжеті отбасалық өмірден басталады. Ерлі-зайыптылардың арасындағы келеңсіздік, несие, күнделікті күйбің түрлік, осының бәрінен қашпақ болған отағасы достарымен бірге қаланың шетіне аттанады. Олар ойламаған жерден қаскөйлердің ортасына тап болады.  

Айта кетейік, түсірілім жұмыстары 17 күнге жалғасқан туынды Алматы қаласы мен Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында таспаланған. Бюджеті 200 мың долларды құрапты. 

"Кез келген жобаны қолға алу үшін сенім мен ниет керек" деген Ернар Нұрғалиев қазақ киносының қоржынына тағы бір кинотуындыны қосты.

Қазір оқып жатыр

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды

.