USD
USD
USD

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

Chevron компаниясы жалға алған Yasa Polaris мұнай танкері Ресейдің Қара теңіз жағалауында дрон шабуылына ұшырады. Танкер Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымалданатын мұнайды жеткізуге пайдаланылып келген.

дрон шабуылы
Фото: yasaholding.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Reuters дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік ақпаратынша, кеме Новороссийск маңындағы КҚК-ның мұнай тиеу терминалына қарай бара жатқан. Chevron өкілдері бұл оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ компания экипаж мүшелері мен Қазақстаннан мұнай экспортына ешқандай зиян келмегенін хабарлады.

LSEG деректеріне сәйкес, Yasa Polaris танкері 2022 жылы салынған және шамамен 160 мың тонна мұнай тасымалдауға қауқарлы. Кеме Түркияда тіркелген Yasa Holding компаниясына тиесілі.

Қазір оқып жатыр

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева

Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

Әуежайдағы тексеру

Астанада Tesla -мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден ұшып кетті

Оқиға орны

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің әрекеті дау тудырды: клуб алты қызға салынған айыппұлды толық төлеп бермек

«Ақтөбе» ФК