USD
USD
USD

«Қара нарықтағы» құны 1,5 млрд теңге: есірткі өндірген 7 шетел азаматы сотталды

Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіріп, самен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты.

.
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 7 шетелдік азаматты кінәлі деп таныды.

Іс материалдарына сәйкес, облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері 3 жасырын есірткі зертханасын анықтаған. Тінту кезінде заңсыз айналымнан 90 келіден астам дайын синтетикалық психотроптық зат, 1 тоннадан астам прекурсор мен химиялық компонент, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленген.

Мамандардың бағалауынша, тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 1,5 млрд теңгеден асады.

Қылмыстық іс материалдарын зерттеген сот оларға 19 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталғандарға тиесілі 3 тұрғын үй мен автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл қылмыстық топ Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі таратумен айналысқан. Олардың әрекеті қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндірген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС