USD
USD
USD

Қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болады

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» 9 қарашада еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр, қар, көктайғақ, 9-14 жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 метрге күшейеді. Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ, секундына 15-20 метр жел тұрады. Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді.

Алматы облысында желдің екпіні секундына 17-22 метрге күшейеді. Атырау облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні секундына 15-20, 28 метрге жетеді. Қостанай облысында тұман, көктайғақ, секундына15-20 метр жел тұрады. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20, 23-28 метрге жетеді.

Павлодар облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Түркістан облысында жаңбыр, қар, тұман, жел секундына 15-20 метрге күшейеді

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт