USD
USD
USD

Қар жауып, бұрқасын болады

Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Қар жауып, бұрқасын болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 23- 28 м/с жетеді.

Петропавлда 23 қарашада қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

23 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Қарағандыда 23 қарашада бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік- батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Жезқазғанда 23 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік- батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

23 қарашада Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Көкшетауда 23 қарашада кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 23 қарашада түнде Қызылорда облысының солтүстігінде жел оңтүстік- батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

23 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда 23 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болады.

23 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ сақталады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

23 қарашада Атырау облысының батысында және орталығында тұман түседі. Атырауда 23 қарашада түнде және таңертең тұман болады.


 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе