USD
USD
USD

Қар жауады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қар жауады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. 18 сәуірде шығыста - қалың қар, 18-19 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

"18-20 сәуірде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы 7-15 градус аязға дейін төмендейді. Батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде аяз болып, тәуліктік температура біртіндеп көтеріледі", - делінген хабарламада.

Барлық облыста жел күшейіп, тұман болады. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста көктайғақ болып, қар жауады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе