USD
USD
USD

Қар, жаңбыр: Бүгін күн райы қандай болады?

 20 қазан күні еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік аумақтарында ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады.

Қар, жаңбыр: Бүгін күн райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соған байланысты жаңбыр күтіледі. Батыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың тек шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Сондай-ақ елдің батысында және шығысында тұман болжанады, оңтүстік-шығыста, оңтүстік пен батыста екпінді жел тұрады.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с артып, түнде батыста және оңтүстікте тұман қалыңдай түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады. Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің екпіні 25 м/с жетеді. Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз Қостанай облысының батысында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.