USD
USD
USD

Қар тазалауға челлендж көмекке келеді (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында ел алдында жүрген жастардың бастамасымен «Біз біргеміз» челленджі басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Қар тазалауға челлендж көмекке келеді (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Олар тұрғындарды өз ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырады. Волонтерлер аталмыш челленджді бастау идеясын қалың қардың түсуі мен коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетумен байланыстырады.

Бүгінгі күннің өзінде елорда еріктілерін белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист-тележүргізуші Асхат Садырбай , «Назар аудар» театрының әртістері қолдады.

«Біздің қаламыз, еліміз – ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз», – деді Тұрсынбек Қабатов.

Сонымен қатар, ол эстафетаны «Формат» тобына, «А.И.» музыкалық-театр орталығы мен «Астана» футбол клубына табыс етті. Бұл орайда қар тазалау бойынша акцияны волонтерлер үнемі өткізіп тұратындығын айта кеткен жөн. Оның үстіне биыл «Волонтерлер жылы»  болып жарияланғаны тағы бар. 

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент